28 ақпан 2024

Бұл Сидр!

Табиғат пен дәстүрден шабыттанған көптеген сусындардың ішінде жаңа өнім желісі-Bacchus ұсынған Wild Kazakh Cider нәзіктігі мен қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Wild Kazakh Cider-бұл жаңа піскен алмадан классикалық технология бойынша жасалған жеңіл алма сидрі. Біз оны дайындауда Алтын Делишес, Старкримсон, Пеструшка, Айнура, Восход, Заря Алатау сияқты Алатау тау бөктерінде өсірілген алманың өзімізге жақсы таныс сорттарын таңдадық. Ең бастысы, әлемдегі барлық алма ағашының анасы болып саналатын Сиверс алма ағашының жемістерін қоса отырып, дайыдалуы.

Сидрдің үш түрі бар: құрғақ, жартылай құрғақ және тәтті. Ол жаңа піскен алманың айқын дәміне толы, жеңіл, аузыңнан дәмі кетпейтін, тәтті цитрусты, сергітетін дәмге ие.
Сіздің қалауыңызға қарамастан, Wild Kazakh Cider әр жұтымы көңілді эмоцияларға толы болады.

Сидрдің дәмін толық ашу үшін 7−10ºC температурада ләззат алуды ұсынамыз. Алкоголь мөлшері 5,8% құрайды, бұл оны барлық жағынан тепе-теңдікті бағалайтындарға тамаша таңдау жасайды.
Wild Kazakh Cider-дің дәмі мен қаптамасының ыңғайлылығы кез-келген уақытты өткізуді жағымды және тыныш сезінуге мүмкіндік береді. Bacchus сидрінің ерекше дәмін сезініп, достарыңыз бен жақындарыңыздың ортасында жағымды кеш өткізіңіз.