Жарқыраған кеш, жарқын күлкі, сұлулық және стиль ― міне, VivienneSabo сәндік косметика маркасының 10 жылдығына арналған мереке осыларға толы болды, ал салтанаттың қайталанбас атмосферасын Бахус компаниясынан Amarsi ұшқындаған шараптарының керемет көпіршіктері қолдады.
14 қараша күні Алматы орталығында сұлулық концентрациясы шарықтау шегінен де асып түсті. Бұған себеп VivienneSabo компаниясының өзінің 10 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырған кеші болатын. Сәндік косметиканың көпке танымал және сүйікті маркасы өз мерекесін ерекше талғаммен және салтанатты түрде атап өтті. Би және жүлделі ұтыс ойындары, мастер-класстар, мимдердің қойылымдары, көптеген керемет музыка, достармен кездесулер және тағы басқалар болды, бұл ұзақ уақытқа дейін қонақтардың естерінде жақсы естелік болып сақталады.
Кеш жабық форматта өтті. Шақырылғандарды Бахус компаниясынан фуршет және ұшқындаған wellcome-drinks қарсы алды. Өйткені Amarsi ұшқындаған шарабы — кез келген мерекеге қуаныш пен шаттықтың жарқын нотасын беретін қажетті акцент. Кеш қонақтары өз көңіл-күйіне қарай — velveti, rosati немесе muscati өнімдерін таңдады.
Шоумен Денис Бобылев қонақтардың зерігуіне мұрсат бермеді. Кештің мазмұнды бағдарламасы жүргізушінің керемет шеберлігімен ұштасты: бұл күндізгі күйбең тірлік туралы ұмыту және демалыс пен мереке атмосферасына ену үшін қажет нәрсе. Қонақтар Татьяна Кузовлеваның бас киімі бойынша бірегей мастер-класқа қатысып, VivienneSabo-дан жүлде ұтысына қатысу сәттілігіне ие болды. Мәскеуден келген танымал блогер-визажист Виктория Моисеевадан макияж бойынша мастер-класс көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Виктория макияждағы заманауи трендтер мен классикалық тәсілдерді іс жүзінде көрсетті.
Біз, өз кезегімізде, осындай іс-шараны көбікті шараптарымызбен қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз, олар арнайы таңдалған фуршеттің мәзіріне ғана емес, сонымен қатар сұлулыққа, қуанышқа және қызыққа толы кештің жалпы стилімен де үйлесім тапқан.









