«Бахус» — Орта Азиядағы ескі шарап өндіру зауыты.
Адамның ғарышқа алғашқы ұшуы Байқоңырмен байланысты секілді, алғашқы қазақстандық жүзім алқабы, шампан және коньяк «Бахус» атауымен тығыз байланысты.
Жетпіс бес жылдан астам уақыт бойы біз шарап, шампан және коньяк өндіреміз. Осы уақыт ішінде технологияларды жетілдірдік, бүкіл әлемнің үздік жабдықтарымен қамтамасыз еттік, кәсіпқойлардан үйреніп, әлемнің әйгілі шарап өндірушілерінің тәжірибелерімен алмастық.
1948 жылдан бастап сапа стандарттарын енгізе отырып, біз үздіксіз өсіп келеміз — қазір «Бахус» қоржынында 100-ден астам, оның ішінде 63 халықаралық марапаттар бар. Біздің өнім елімізде № 1 және қазіргі күні қазақстандықтардың дастарханын «Бахуссыз» елестету мүмкін емес.
Әрдайым жаныңыздамыз
Адамдардың өмірге қуанып, үлкен-кішілі мерекелерін жарқын әрі көңілді тойлауға, достарымен және жақындарымен эмоцияларын бөлісуге мүмкіндік береміз. Біздің сусындарды ынсапты және саналы ішу салтанатты сәттерден ләззат алуға және жылы шырайлы достық кештерді ажарлауға көмектеседі деп сенеміз. «Бахус» қазақстандықтардың туған жерінде және отандастар басқа елдерге саяхат жасағанда сенімді серігі болып қалуы, біз үшін өте маңызды.
Жақындау үшін еңбек етеміз
Қазақстандықтарға әлемдік ұқсас өнімдерден қалыспайтын, сапалы, табиғи, нағыз дәмді отандық өнім ретінде таңдауға мүмкіндік беру үшін біз барлық күшімізді саламыз. Жеке жүзім алқабы мен өндірісіміздің арқасында өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және біздің сатып алушыларға тауарларды қолжетімді бағамен жеткізуге мүмкіндік береді.
Шарап өндірушілер дәстүрін сақтаймыз
Біздің өнім сапалы, дәмді және табиғи болу үшін өндірістің әрбір кезеңін мұқият қадағалаймыз. Сондықтан классикалық технологияларды қолданамыз. Қазақстандық өнімнің шетелдік бәсекелестерден қалыспауы, ал адамдар ең үздік сусындарға қолжеткізу үшін әлемдік шарап өндірушілердің ежелгі дәстүрлерін сақтау маңызды.
Адамдарға қамқорлық
Біздің тараптан қызметкерлерге қамқорлық жасалады, сондықтан оларға ең үздік еңбек жағдайлары қамтамасыз етілген: қауіпсіздік, лайықты жалақы, медициналық қызмет көрсету, жәрдемақы және сыйлықақылар, тегін асхана және фитнесс-орталықтар. Қызметкерлердің балаларын балалар бақшасына орналастыруға және шипажайларға және демалу үйлеріне жолдама алуға көмек беріледі.
Біздің қызметкерлер өз біліктілігін тұрақты арттырады — тағылымдамадан өтеді және шарап өндіру саласы бойынша үздік мамандардан білім алады. Сарапшылар «Бахус» кадрларды шыңдаушы деп атайды — біздің кәсіпорын қабырғасынан осы сала бойынша үздік кәсіпқойлар шықты.