Жетпіс бес жыл ішінде «Бахус» шампан шараптарын өндіру зауытынан еліміздің сала үздігіне дейін жолды артта қалдырды. Қазіргі күні өнімнің 80-ден астам түрін өндіреміз. Ал біздің коньяк аңызға айналған мәртебеге ие.
Біз тарихымызды білеміз және мақтан етеміз – бұл кәсіпорынның жеңістерімен, қарсы тұрумен және қиындықтарды артта қалдырумен өткен ұзақ даму жолы.
Әрбір қазақстандық осы үлкен тарихымызға ортақ қатысушы болуы, біз үшін маңызды, себебі «Бахус» – бұл бүкіл Қазақстанның игілігі.
Тарихы сапасы мен дәмі
1948
Алматы шампан және маркалы шараптарды өндіру зауытының құрылысы басталды. Құрылысы толық аяқталмаған жертөледе жеке жүзім алқабында жиналған шикізаттан өндірілген бөтелкелі шампанның алғашқы таралымы жасалды.
1950
Қазақстандық шампанның алғашқы 5 мың бөтелкесі шығарылды.
1955
Зауыт іске қосылды. Үш жылдан кейін 300 мың бөтелке шампан өндірілді. Бұл классикалық технология және «кюве» әдісі бойынша өндірілген Орта Азиядағы алғашқы шымырлағыш шарап болды.
1957-1965
Өндірістің өнімділігі артты — үздіксіз тәсілмен жылына 2,5 миллион,классикалық технология бойынша — жылына 300 мың бөтелке өндірілді. Маркалы және қарапайым шараптарды өндіру басталды — жылына 1200 мың дал.
1974
Коньяк өндірісі басталды — жылына 260 мың дал. Алғашқы қазақстандық коньяктарда Кипр,Франция,Румыния мен Болгариядан әкелінген коньяк спирттері қолданылды.
1989
Осы жылға дейін шампан өндірісінің көлемі 3 есеге,шарап — 10 есеге және коньяк — 4 есеге азайды. Бұған 1985 жылы басталған Горбочевтің алкогольге қарсы кампаниясы себеп болды. 1989 жылы өндіріс қайта қалпына келіп,атауы «Сусындар» Өндірістік бірлестігіне өзгереді.
1993
Суды жұмсарту бірегей жүйесінің көмегімен «Жібек Жолы» арағының өндірісі басталады. Зауыт суды хлордан және ауыр металдардан тазалайтын суасты қайығының бірегей ауа тазалағыш-тұщыландырғыш жабдығын сатып алды.
1994
Шарап өндіру кәсіпорнының базасында «Казвино» БК — біріккен қазақ-австриялық кәсіпорны құрылды.
1995
Кәсіпорын «Бахус» акционерлік қоғам атауына өзгерді.
2006-2007
Зауыт ИСО 9001 ХС және ИСО 22000 ХС сапа сертификаттарына ие болды. «Бахус» тағам өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйесі бойынша халықаралық стандартқа ие болған ТМД елдері арасында алғашқы кәсіпорын болды.
2009
«Бахус» өзінің атауын өзгертті - ребрендинг жүргізілді. Зауыттың жаңа логотипі пайда болды,бөтелкелерге жаңа затбелгілер жапсырылды. Шараптың табиғи қанық дәмін және сапасын сақтауға мүмкіндік беретін «Салқын күйінде құю» технологиясы ендірілді.
2010
Қазақстан нарығына жаңа брендтер шығарылды: «Бахус Казахстан», «Бахус VS» коньягы,«Казахстанский,Экспорт» үш жұлдызды коньягы және «Дәрмен» бренди.
2011
Алғаш рет Қазақстанда сульфиттелген ашытқыдан итальяндық жүзім материалдарын алу технологиясы ендірілді. Нарыққа шараптың үш жаңа сұрыптары: «Шардоне», «Мерло», «Саперави классик», «Dostar Premium» арағы шығарылды.
2012-2013
«Бахус» зауытының 65 жылдық мерейтойы тойланды. Компания еліміздің шарап өндіру саласы бойынша көшбасшы атанды. 2012 жылы зауыт «Қазақстанда № 1 Жыл таңдауы» халықаралық конкурсының марапатына,үздік ұжымдық шарт бойынша «Парыз» сыйлығына ие болады. «Бахус» мерейтойына «Бес жылдық Қазақстандық коньяк» шығарылады.
2014
Коньяктар мен шараптардың рестайлингі жүргізілді. Нарыққа жаңа брендтер шығарылды: «Золотая гроздь» жеміс шарабы және сыйымдылығы 0,2 л «Три звездочки» қазақстандық коньяк. Ялтадағы «Золотой Грифон — 2014» 33-і халықаралық конкурста «Батыр» және «Бес жылдық Қазақстандық коньяк» маркалы коньяк алтын медаль иегері атанды. «Батыр» коньягы үздік сәндеу номинанты бойынша дипломға ие болды.
2015
Ассортимент кеңейтілді - сыйымдылығы 0,2 л «Улар», «Дәрмен» бренди,«Янтарная гроздь» жаңа газдалған жартылай тәтті шарап шығарылды. Екі жыл қатарынан «Бес жылдық Қазақстандық коньяк» Ялтадағы «Золотой Грифон» халықаралық конкурста алтын медальға ие болды.
2016
Кәсіпорын базасында «Виноделие без границ» халықаралық семинар өткізілді, онда Украина,Ресей,Молдова және Өзбекістан мамандары қатысты. Қазақстандық шарап өндірушілер «Бахус» компаниясының қолдауымен «Қазақстанның шарап жасау одағы» — шарап өнімін өндірушілер қауымдастығын тіркеді.
2017
«Астана ЭКСПО — 2017» көрмесіне арнайы «Астана» төрт жұлдызды коньяк және «Астана Premium» шампаны шығарылды.
«Бахус» «Жыл таңдауы» сыйлығының барлық үш номинациясы бойынша жеңіске жетті: «№ 1 Отандық өндірілген коньяк— 2017», «№ 1 Отандық шампан — 2017», «№ 1 Шарап өнімін өндіруші".
2018
2019-2020
Саяхатқа келіңіз
Экскурсия құны — бір топтан 20 000 теңге. Топта — 10 адамға дейін. Экскурсияға бару үшін 392 22 54 нөміріне жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз.