Өткен жыл біз үшін өте мәнді және жемісті болды. Шарап жасаушылар айтқандай, жақсы жыл. Сондықтан, 2019 жылдағы соңғы сауық кешін біз ұмытылмастай әрі ерекше етіп жасағымыз келді. Бұл қолымыздан келді деген ойдамыз және Bacchus жаңа жылдық кеші бүкіл келесі 2020 жылға айтарлықтай серпін береді деп үміттенеміз.
25 желтоқсанда Domum Vinum кеңістігінде барынша жайлы әрі мерекелік көңіл күйде болды. Біз үшін жақын болып табылатындардың барлығын, жаңа жылды қарсы алғымыз келетіндерді жинауға тырыстық. Қонақтар келіп, көбейген сайын кеш одан әрі көңілді болып, күлкі мен қуанышқа тола бастады. Осы кештің ерекше жылы атмосферасы барлығы күткен сиқырлы жаңа жылдық көңіл-күйді жасады.
Ашық террасада қонақтар ең хош иісті глинтвейнді әзірлеуді және сабражда өз күшін сынап көруді үйрететін «О, Вино” атты мектептің мастер-класстарынан өтті. Наталья Райм өзінің авторлық ертегісін оқып берді. 1948 жылғы коньяк негізіндедайындалған ерекше фирмалық мерекелік бәліш пен грильдегі шырынды еттен дәм тату сәті айырықша орынды иеленді. Музыка, күлкі, мейірімді достар және жүректегі нағыз мереке — бұның барлығы кешті ұмытылмастай етті.
Сондай-ақ, әрине, жыл бойы бізді қолдаған жандарға алғысымызды білдіргіміз келеді, өйткені тек адамдар ғана барлық керемет оқиғаларды, тіпті кейде мүмкін еместі де жасайды. Біз достарымыздың әрқайсысын Жаңа 2020 жылмен құттықтай отырып, үйлеріңізде жақсылық орнап, жылы ошақ отының сөнбеуін, қуанышты сәттер үшін барынша көп себептердің болуын, жаңа жылда қайғылы оқиғалардың мүлдем орын алмауын және барлық армандарыңыздың орындалуын тілейміз. Жаңа жылда кездескенше.
Ізгі тілекпен, сіздің Bacchus.