Қазіргі жағдайда біздің беріктігіміз сыналып жатыр. Қалыптасқан жағдайда біз бір-бірімізге көмектесіп, бір-бірімізге қол ұшын соза отырып, қолымыздан келер барлық көмекті жасай отырып, бәріміз бірге әрекет етуге тиіспіз. Сондықтан «бахус» АҚ қаламыздағы стационарларда дезинфекциялау құралы ретінде пайдалану үшін, Алматы Жедел штабына 3 мың литр этил спиртін өтеусіз көмек ретінде береді. Бұл әрқайсымыздың денсаулығымыз үшін күресіп жүрген медиктерге септік болуы керек.
Деніміз сау болсын, оптимизмді сақтап қалайық: біз бірге еңсереміз!
