Жыл сайын сағат тілдерінің соғылуында Бахус шампанының сансыз шөлмектері ашылады, сондай-ақ үйлену тойларда, мерейтойларда, балалардың туылуына, жеңістердің құрметіне және жай ғана кез-келген жақсы себептерге орай тығындар тарсылдайды. Бірақ шарап жасаушылар үшін жылдың тағы бір маңызды күні бар -әлдекімге күндердің күнінде қуаныш сыйлайтын бөтелкенің тарихы басталатын күн. Бұл классикалық технология бойынша көп сақталатын шампанды салу күні. Оқиға әрдайым айрықша өтеді әрі толқу сезімін тудырады.
Шарапты көмірқышқыл газының көпіршіктерімен қанықтыру технологиясының бірнеше түрі бар, алайда классикалық шампанизация ғана озық нәтиже мен үздік сапаны қамтамасыз етеді. Бұл әдіс адамдарға 300 жылдан астам уақыт белгілі. Үрдіс құрғақ шарап, ашытқы және екінші рет ашытуды бастау үшін қажетті басқа да ингредиенттер бар тығыз тығындалған шөлмектердің ішінде өтеді. Бұл жерде де адамның қатысуынсыз болмайды, бірде-бір робот зерделі шарап жасаушыны алмастыра алмайды.
Ең алдымен, шарап материалы арнайы шыны шөлмектерге құйылады, кейін қоспа тығынмен тығындалады және шөлмектер температурасы 10−12 °C болатын арнайы үй-жайға жіберіледі. Ашыту үрдісінде пайда болатын тұнба қабырғаларға түсуі үшін шөлмектер көлденең жатуы тиіс. Белгілі бір кезеңділікпен әрбір шөлмекті өз осінің айналасында айналдырады, бұл тұнба бірте-бірте бөтелке аузына ығыстырылып, шарап мөлдір болуы үшін жасалады. Шымырлағыш шарап пісіп, үстеліңізге келместен бұрын оны әлі де көп метаморфозалар және жағдайлар күтуде.
Ал біз болсақ тағы да дәстүрлерді өзгертпей, сәуір айының ортасында көп сақталатын болашақ шымырлағыш шараптың жыл сайынғы салуын жасадық. Біз әр бөтелкеге ерекшекөңілбөлеміз әрі сізді керемет жарқыраған көпіршіктері бар шараптың кезекті топтамасымен қуанту сәтін асыға күтеміз.