Біз тосын сыйлар мен жаңалықтар маусымының әлі де бітпейтіндігіне уәде берген болатынбыз. Міне, енді сол уәдемізді орындап жатырмыз — мерекелер жақсы әрі дәмді болсын деген ниетпен тура жаңа жыл қарсаңында тағы да екі көпіршікті шарап әзірлеп жатырмыз!
Аударғанда «сезім» деген мағына беретін «Sezim” тобында жартылай құрғақ ақ және жартылай тәтті қызыл шарап бар.
Жартылай тәтті қызыл шарап — өте ерекше, басқа шараптармен араластырған уақытта саперави жүзімінің сортының дәмі басым түседі. Өте нәзік әрі дәмді, ішкеннен кейін шие дәнегінің хош иісі сезіледі. Дәмі жағымды, тәтті, жеңіл әрі балғын қышқыл дәмі білінеді. Мұндай шарапты жеңіл десерттер, жаңғақ, шоколад, көк ірімшікпен ішкен жақсы. «Sezim” жартылай тәтті қызыл шарабын тамақтанып болған соң, жанға жайлы ортада асықпай әңгімелесу кезінде ұсынуға болады. Ал бокалдағы жылтылдағын сиқырлы көпіршіктер бейне бір жыңа жылдық жалын тәрізді таңғажайып жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды.

Жартылай құрғақ көпіршікті ақ шарабымыз біршама жеңіл әрі балғын болып шықты. Қысқы күн көзінің нұры, жаңа жыл түніндегі отшашулар жарқылы — керемет, таңғажайып шарап. Шараптан тау гүлдері мен теңіздің арғы жағындағы цитрустардың хош иісі аңқиды. Ақ түсті жемістердің дәмі мен тартымды әрі кішкене ащы дәмнен тұрады. «Sezim” ақ шарабын теңіз өнімдерінен әзірленген тағамдар, алма десерттері мен ұзақ уақыт сақталған ірімшікпен бірге ұсынуға болады.

Көпіршікті шарап кез келген мерекенің сәнін келтіре түседі, жақсы көңіл-күй мен таңғажайып әсер сыйлайды. «Sezim” жаңа өнім желісімен танысқаннан кейін сусындарымызға өздеріңіздің әділ бағаларыңызды бересіздер деген сенімдеміз.
Шараптар «Виноград» фирмалық дүкенінде сатылымға шығып қойды, демек жаңа жылдық дастарқанға алып үлгересіздер!
«Бахустың” көпіршікті шарабында қанша сиқырлы көпіршік болса, жаңа жылда сіздерде де соншалықты жақсылықтар болсын.