31 желтоқсан 2021

Жаңа жылдарыңызбен!

2020 жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Иә, өткен жыл күрделі кезең болды, барлығының астан-кестеңін шығарды, дегенмен бұл жыл бізді бұрынғыдан да мықты әрі жақсы ете түсті, сондықтан да оған ризашылығымызды білдіреміз.

2020 жыл ерекше жыл болды, ол біздің алдымызға әртүрлі міндеттер қойып, бізден табандылықты талап етті, біраз уайымға салды, күтпеген қуаныш пен қайталанбас эмоциялар сыйлады, бірақ қалай болғанда да ол біздің ең бір қиын жағдайларға да төтеп бере алатындығымызды, күшімізді біріктіріп және 2020 жылдың алапатынан бұрынғыдан да тату, қайсар және мейірімді болып шығатындығымызды, бір-біріміздің қайғымызға ортақтаса алатындығымызды дәлелдеді.

Осы жылдың соңғы сағаттары келмеске кетіп, ал адамдар жақындарына сыйлықтар алуға асығып жатқан шақта біз кетер жылдың Бахус компаниясына қандай жетістіктер сыйлағандығын еске алғымыз келеді. Біз көптеген жаңа өнімдерімізбен мақтана аламыз. Бұл — «Chacha Gold” күшті ішімдігі, сондай-ақ «Fidele”шарабының жаңа желісі мен Gin Tonic манго сусынының жаңа дәмі. Біз шараптардың еуропалық топтамасының дизайнын жаңарттық және оның сыртқы қаптамасын өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ «Maresco” деген жаңа атпен вермуттың толық ребрендингін жасап шықтық. Біз бас көтермей жұмыс істедік, соның арқасында 2020 жылы біз оң өзгерістерге қол жеткіздік.

Сөзімізді түйіндей келе біз сіздерді келе жатқан 2021 жылдарыңызбен құттықтаймыз, достар! Ең алдымен, келер жылдың жайлы және уайым-қайғысыз болуын тілейміз. Шаңырақтарыңыз шат-шадыман күлкі мен махаббатқа толып, жүздеріңізден шаттық кетпей, жақын жандарыңыз әрдайым аман болсын. Ең басты әрі маңызды тілек осы болар, өткен жыл бізге осы нәрсені үйретті. Және, әрине, жаныңыз бір ғажап нәрсені қаласа, жүректеріңіздің түкпіріндегі сол асыл армандарыңыздың орындалуын тілейміз. Жаңа жылдық дастархан басында осы үшін бокал көтеріп, жаңа жылға оның қайырымды жыл боларына, ал өзіміздің үнемі бірге әрі бақытты болатындығымызға деген үлкен сеніммен кірейік.

Ізгі ниетпен, сіздердің «Бахус”.