Көктемнің иісі қыстың соңғы күндерінен-ақ байқалады. Оны тұтастай айналамыздан — ауадан, құстардың әнінен, және, әрине, әйелдер қауымының көзіндегі қуаныш нұрынан байқасақ болады. Себебі көктемнің басында біз Халықаралық әйелдер күнін атап өтеміз. Бұл мереке өздері әртүрлі болғанымен, барлығына әдемілік пен әсемдік тән болатын әйелдерге арналады. Осы күні аталмыш шуақты мереке иелерінің құрметіне Бахустың таңғажайып шампанымен тост көтергіміз келеді!
Көпіршікті шараптардың кез келген мерекенің символына айналуы жайдан-жай емес: олар сиқырлы әлі жеңіл болып келеді. Осы көктемді дәл осындай көңіл-күйде — шампанмен қарсы алайық. Ал әйелдер қауымын Бахус стилінде құттықтайық, себебі біздің қолымызда осынау салтанатты жағдай (әрине, кез келген басқа да салтанатты жиындар) үшін көпіршікті әрі жоғары сұрыпты шампан шараптарының, мәселен Amarsi мен Sezim тәрізді керемет топтамалары бар емес пе? Неліктен дәл осы екі топтама? Себебі олар көктемді қарсы алуға, достық ортада шуақты мерекенің атмосферасын сезінуге немесе романтикалық кездесуде жай уақытта сөз табу қиын болатын сезімдерді білдіруге арналған.

Amarsi көпіршікті шараптарының үш нұсқасы берілген: Rosati, Muscati, Velveti. Дәмі тіл үйірер және ерекше хош иістен тұратын жеңіл әрі жаңадан әзірленген шараптар көпіршік ұшқындарына толы — олар кез келген сауық кешін жандандырып, тұрмысқа шығатын қыздың пицца мен жақсы фильм қарастырылған қоштасу кешінің сәнін келтіре түседі немесе екі адамға арналған айрықша мерекелік кешкі ас үшін таптырмайтын шешім болмақ. Amarsi топтамасында қуаныштың барлық реңктері, құттықтау мен махаббаттың жылы сөздері жасырылған.
Sezim топтамасында екі көпіршікті шарап — жартылай құрғақ ақ шарап пен жартылай тәтті қызыл шарап ұсынылған. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелікке ие, өзіне тән хош иісі мен дәмі бар. Ақ шарап — көктемнің желі сияқты жеңілдеу, ал қызыл шарап гүлдердің хош иісі мен тәтті дәмдерден тұратын жаймашуық ала көлеңке тәрізді. Екі шараптың да кез келген мерекені барынша сән-салтанатымен өткізуге ықпал етері анық. Өзіңізге мерекелік көңіл-күй сыйлаудан бас тартпаңыз. Сіз оған лайықсыз!

Ал енді ең бастысы, біз сіздерді осынау мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздердің әдемі, нәзік әрі таңғажайып екендіктеріңізді тағы бір рет қайталап айтқымыз келеді. Осының барлығы сөзсіз шындық. Алайда біз сіздердің ақыл-парасаттарыңыз бен қырағылықтарыңыз, күш-жігерлеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін, кез келген уақытта әрқайсыларыңыздың тамаша қалыптарыңызды сақтай алатындықтарыңыз үшін тост көтергіміз келеді! Нәзік жанды әйелдер қауымы, көктемде ғана емес, әрдайым бақытты болыңыздар!
Ізгі ниет пен ризашылықпен, сіздердің Бахус.