Қалай болғанда да көктем күнтізбеге бағынбайды, ол тура күн мен түн теңелетін күні басталады. Әрі дәл осы күндері Қазақстан 21 наурыздан бастап көктемгі жаңару мейрамы — Наурыз мейрамын атап өтеді. Бахус АҚ сізді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды және осы күндері сүйікті әрі жақын жандарыңыздың қасында болуды ұсынады, ал біз өз кезегімізде бұл демалыс күндерін біршама көңілді әрі жарқын ете түсуге көмектесеміз.
Кейбір жерлерде әлі қардың жатқандығына, арасында суық желдің соғатындығына қарамастан, көктемнің келгені анық! Шуақты көктеммен бірге жүрегіміздің түкпіріне Наурыз ұялайды. Бұл мейрам көктемнің жылы да нұрлы күні іспетті адамдардың басын біріктіреді. Наурыз күндері еріксіз қуанамыз, себебі бауырсақ пен Наурыз көженің хош иісі көктемнің желімен араласып, ызғарлы қысты ұмыттырып жібереді!

Бұл Наурызды да біз отбасымызбен бірге атап өтетін боламыз. Пандемияға байланысты Қазақстанның көптеген қалаларында шектеулер енгізілді. Үйде қалу керек болса, ол үшін көңіл-күйіңіз түспесін, өзіңізді қызықтыратын нәрсемен айналысыңыз. Мысалы, өзіңізді бармен ретінде сынап көріп, авторлық коктейль әзірлесеңіз болады. Ол үшін шейкерге 60 мл Fidele Muscat шарабын, 30 мл апельсин шырыны мен мұзды араластыру қажет. Бокалға апельсин слайсын салып, оның үстіне шейкердегі сұйықтықты толтырып құйыңыз. «Апельсинді мускат» коктейлі дайын, оны мейрамның құрметіне көтеріп қояйық!
Сөз соңында баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз, достар. Осы жыл жайлы, көктем жаймашуақ, ойларыңыз тыныш болсын, ал шаңырақтарыңыздан шат күлкі кетпесін! Бақытты болыңыздар! Наурыз мейрамы құтты болсын!