30 желтоқсан 2022

Жаңа жылдарыңызбен!

Соңғы екі жылда әлем қатты өзгерді. Десек те, осынау тыншымайтын тірлікте өзгермейтін бір ғана нәрсе болса, ол Жаңа жылға деген махаббат болар. Бұл — жүрек тыныштық пен жайлылық табатын шақ. Өйткені, қарбалас, әбігершілік пен жүгіріске қарамастан, бұл — таңғажайып керемет, бақыт, шаттық, жылулықтың және ең бастысы — сенімнің уақыты. Себебі, жақсы нәрсенің болатындығына деген сенім болу керек, әсіресе Жаңа жыл түні жақсылыққа сену қажет. Егер адам шын сенсе, армандардың орындалатындығы сөзсіз.

Өзгелер жаңа күнтізбеге ауысатын сәтті асыға күтіп жүрген уақытта біз санаулы күнде аяқталатын жылдың қандай болғандығын есімізге түсірейік. Біз үшін бұл жыл эмоцияға толы әрі күшті болды, қиын да сәттер болғанымен, қызығы да мол болды, кейбір жағдайлар басымызды біріктірді, сол үшін де кетер жылға ризашылығымыз көп. Біз жалпыға танымал тауар белгісінің мәртебесіне қол жеткіздік. Бұл мақсатқа жету үшін бас көтермей еңбек еттік, жаңа сусындар жасап шығардық, бұрыннан танымал сусындарымыздың сапасын жақсарта түстік. Sezim көпіршікті шарабының желісін жаңа роземен толықтырдық, вермуттар тобында MarescoSecco құрғақ шарабы пайда болды, ал GinTonic желісінде жаңа Rush дәмі туындады. Біз 2022 жылға өзіміздің атқарған ісіміз үшін мақтаныш сезімімен, ақ жүрегімізбен және сіздерді алдағы уақытта да қуантамыз деген ниетпен аяқ басып келеміз.

Біз осы жылдың сіздерге мейірімінің мол болғандығына, ешқандай қайғы әкелмей, керісінше тек жақсылықтар сыйлағандығына сенеміз. Ал егер бұл жыл сіздер үшін қиындау өткен болса, жүректеріңіздегі ауырлық сезімі тезірек жай ғана естелікке айналып кетсін дегіміз келеді.

Дәл қазір, барша жұрт Жаңа жылды қарсы алуға дайын тұрған уақытта біз сіздерге таңғажайып нәрсе тілейміз. Балалық шақтағыдай нағыз жаңа жылдық сиқыр күтеміз. Көңілдеріңіздегі аңсаған армандарыңыз жүзеге ассын. Сондай-ақ, 2022 жыл шампан құйылған бокалдағы көпіршіктер тәрізді жеңіл әрі көңілді болсын, келер жыл тек жақсылығымен кірсін, қарбалас тіршіліктен шаршаған сәттеріңізде еңселеріңізді көтеріп жіберсін. Және, әрине, келер жыл мейірімді әрі қамқор болсын. Барлығымыз осыған лайықтымыз, барлығымызға алаңсыз демалыс пен мол бақыт қажет. 2022 жылдың осы тілектерімізді орындайтындығына сеніміміз мол.

Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен! Махаббат пен ізгі ниетпен, сіздердің Бахус!