Жаз көп болмайды, жарысқа дайындалу уақыты да көптік етпейді. Сол себепті біз жұмыстарды қабылдауды 19 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Бұл тамыз айының әр жұтымынан асықпай ләззат ала отырып, жазғы декорацияда біздің өнімдерімізді фотоға түсіру арқылы өз шығармашылығыңызды барынша көрсете аласыз деген сөз.
Естеріңізге сала кетейік: Bacchus өнімімен бір немесе бірнеше фото түсіріп, оларды Инстаграмға орналастырып, @bacchus.kz аккаунтын белгілеп, пікірге #rawbacchus хештегін қоюыңыз керек. Толық ақпаратпен және конкурстың шарттарымен біздің Инстаграм парақшамызда танысуға болады.
Ал 20 тамызда ивент-көрме өтеді, онда біз үздік жұмыстарды көрсететін боламыз. Жеңімпазды арнайы қазылар алқасы анықтайды. Үздік кадрлардың авторларына фирмалық сыйлықтар беріледі, ал ең креативті фотограф 500 мың теңге көлеміндегі жүлдеге ие болады!
Шығармашылық әлеуетіңізді Bacchus-пен бірге ашыңыз!