17 қазан 2022

Бахус Туған күн

Әрқайсымыздың бойында нағыз шампанға ұқсайтын бір қасиет бар — бақытты болғанда, көз жанарымыз жарқырайды!

«Бахус» шымырлағыш шараптардың, коньяктардың және басқа да сусындарының көпжылдық жетістігінің құпиясы болар: біз сіздің өміріңіздегі ең қуанышты сәттерін ортақтасып, сізді бақытты етеміз.

17 қазанда «Бахус» өзінің 74 жылдығын атап өтіп, нағыз шарапты шынайы бағалаушыларды жинады.

«Бахус» АҚ негізін қалаған алғашқы комбинаттың 1948 жылы ашылғанына қарамастан, бүгін біз өз құндылықтарымыздың бір тамшысын да жоғалтпадық: сапа, бірегейлік және бүкіл өмірімізді арнаған ісімізге деген сүйіспеншілік.

Францияға бару тым алыс болғандықтан, оны туған еліміз Қазақстанда табуды жөн көрдік. Іле Алатауының бөктеріндегі климат Францияның Шампань провинциясының климатына өте ұқсас екенін түсініп, болашақ зауыт үшін шикізат көзі болатын жүзім өсіретін жаңа кең алқапты орын табылды дедік.

Осы сәттен бері Қазақстандағы ең көне салалық кәсіпорын және сусындар өндірісі нарығындағы көшбасшы «Бахус» тарихы, классикалық шарап жасау дәстүрлері мен инновациялық технологиялардың тәжірибесіне негізделіп, бірегей бөтелкелерге шарап құйылғандай, бастау алды деуге болады.

Бүгін «Бахус» — бұл бүкіл Қазақстанда танымал, ұлттық шарап жасаудың бетке ұстар бренд.

Біз тіпті өте құрметті 74 жасқа толсақ та, бұдан әрі ілгерілеу және жаңалықтар ашу үшін күш-қуатқа әлі де толымыз, өнім сапасы да бұрыңғы жоғары деңгейде тұр.

Осы уақыт ішінде әрқайсыңыз бізге қолдау көрсетіп, брендтің өміріне қатысқаныңыз, өнімнен алған шынайы әсер-сезімдеріңізбен бөліскеніңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз!

Сондай-ақ, әрине, біз жұмысымызға мән беретін, әрдайым «Бахусты» таңдайтын клиенттерімізге де алғыс айтамыз! Бізге сенім білдіргеніңіз үшін рахмет! Бокалымызды Сіздердің құрметіңізге көтереміз!

Ізгі махаббатпен, Бахус