Кейде табысқа жету оны көпшілікке танытып, әйгілі етуге қарағанда әлдеқайда оңай, бұл бізге өте таныс жағдай, себебі біздің брендтің 70 жылдан астам тарихы бар.
«Бахус» компаниясы қызметін атқарып бастаған жылдардан бері біз көптеген түрлі марапаттар мен медальдарға ие болдық, олар біздің шарап жасаушылардың шеберлік деңгейін және өнімнің жоғары сапасын растайтыны сөзсіз, ал күздің соңғы айының басында біздің қоржынымыз тағы екі марапатпен толықтырылды. Қандай марапат? Қазір бәрін баяндайын!
2−4 қараша аралығында Алматыда FoodExpo Qazaqstan тамақ өнеркәсібінің Орталық Азия халықаралық көрмесі ұйымдастырылып, біздің компаниямыз оның құрметті қатысушысы марапатына ие болды.
FoodExpo Qazaqstan көрмесінің алаңдарында технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілер, тамақ және сусындар өндірушілері, дистрибьюторлары мен сатушылары бас қосты.
Біздің компания көрменің түрлі іс-шараларына ат салыса отырып, «Үздік өнім-2022» алкогольдік сусындардың кәсіби дәмін сынауға қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Бахус» АҚ зауыты «Күшті алкогольдік ішімдіктер» және «Коктейльдер» номинациялары бойынша екі алтын медаль мен сапа дипломдарының иегері атанды. Біздің жүлде иегерлеріміз: «Gin Tonic Lemon» дайын коктейлі, 07 және «Bacchus 1948» ұзақ тұрған қазақстандық коньяк, 05.

Біз өз өнімдеріміздің жоғары сапасын тағы да растап, танымал еткенімізге, тамақ өнеркәсібі саласындағы әріптестерімізбен бедел мен достық байланысын одан әрі нығайтқанымызға өте қуаныштымыз, әрі мақтан тұтамыз.
Бір жыл өткен соң көрмеде кездесейік!
Махаббатпен, сіздің Bacchus!