19 тамыз 2019

Блогерлер мен БАҚ өкілдеріне арналған Domum Vinum шоу-рум тұсаукесері

2019 жылдың жазы «Бахус” компаниясы үшін жағымды оқиғаларға толы болды және басты ивент Domum Vinum шоу-румының ашылуы еді. Біз жадыраған жаздың қоңыр салқын кештерінің бірінде ақпарат құралдары мен блогерлер үшін тұсаукесер өткізу туралы шешім қабылдадық.

16 тамызда Сейфуллин көшесі, 617 Forum Almaty ойын-сауық орталығының 3 қабаты мекенжайында ерекше жылы әрі көңілді болды. Біз жақсы кештер мен дұрыс сусындарды бағалай білетіндердің жақсы компаниясын жинауға тырыстық. Біз шампандай шалқыған кеш пен ұмытылмас орта сыйлап, көңілден шыққандаймыз деп ойлаймыз.

Жиналғандардың көңілін аулап, қонақтарға құнды сыйлықтар түрінде қуаныш сыйлаған түрлі сайыстар өткізген кеш жүргізушісі Митя Байназаровқа да алғысымыз ерекше.

Дегенмен, шараның басты мақсаты қонақтарды Бахустың жаңа өнімдерімен таныстырып, таныс дәмді жаңа коктейльдік амплуада ұсыну еді. Коктейль демекші, кеште бармендер конкурсының алтын иегері Олег Литвиновтың үш жаңа сусынының тұсаукесері болды. Compliment қызғылт құрғақ шарабы мен аюбадам негізіндегі жеңіл әрі нәзік қышқылды Розария коктейлі. Көпшіліктің көңілінен шыққан Қазақстан коньягы негізіндегі алма ноталы түбегейлі және ерекше хош иісті Византис коктейлі. Үшінші жаңа өнім — жақсы сақталған Қазақстан шампаны мен ашық грейпфрут негізіндегі Аврора болды. Кеш қонақтары тек жаңа коктейльдерден дәм татып қана қойған жоқ, сонымен қатар, оларды дайындау бойынша шеберлік класына да ат салысты.

Біздің шақыртуымызды қабыл алып қана қоймай, ниетімізді бағалағандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Бұл кездесу Domum Vinum қабырғасындағы соңғы кездесу еместігі айдан анық. Жақсы жаңалық үшін жарқын достармен кездесу әрқашан керемет қой.

Егер Сіз шулы кештерді жақтырмасаңыз, ерекше жағдайға немесе үйдегі жайлы кешке арнап өзіңмен бірге бөтелке алу үшін біздің шоу-румға келіңіз. Біз келген қонақтарға әрқашан қуаныштымыз.