Бахус компаниясының ең танымал әрі сүйікті ішімдіктерінің бірі Gintonic шығар. Бүгінде бұл бренд аңызға айналып үлгерген және жаңа дәм енгізген сайын біз қатты толқимыз, себебі бұл — үлкен жауапкершілік. Десек те, қанша толқығанымызға қарамастан, жаңа ішімдіктің сіздің ойыңыздан шығатындығына сенімдіміз. Gin tonic Rush жаңа өнімін қарсы алыңыздар.
Gin tonic ішімдіктер желісіндегі осынау айрықша дәм — сергектік пен күш-қуат дәмі. Біз өнімге ерекше хош иіс беру үшін көпшілікке энергетикалық ішімдіктер арқылы таныс жемісті-карамельді дәм қостық. Осылайша бірегей әрі сергітетін өнімге қол жеткіздік. Мұндай көпіршіктермен жарқылдаған және рецепторларды оятатын ішімдікті 4−6 градусқа дейін салқындатып ішуді ұсынамыз. Оны жеке дайын күйдегі аперитив ретінде, сондай-ақ еттен жасалған тағамдар, жазғы жеңіл салаттар мен көкөністен әзірленген тағамдармен бірге ішкен жөн. Ішімдік 7,7% алкогольден тұрады және тиісті деңгейде газдалған.
Жаздың соңғы бірнеше кешін Gin tonic Rush ішімдігімен өткізуге болады, әрі қарай қыркүйек айын әлі де жылы верандаларда немесе табиғатта айтулы ішімдікпен қарсы алыңыз. Бір топ досыңызбен немесе жаныңызға жақын жандармен — кез келген жағдайда біздің жаңа Gin tonic Rush сіздің кешіңіздің сәнін келтіреді әрі оны естен естеліктерге толтырады.
Сондай-ақ Бахус компаниясының Gin tonic тобының Rush жаңа өнімінен бөлек тағы да бес дәмнен тұратындығын естеріңізге салғымыз келеді, олар: грейпфрут, лимон, шие, манго және мохито. Аталған ішімдіктермен бұрын таныс болмасаңыз, барлығының дәмін татып көріңіз, алайда жаңа өнім жайлы да ұмытпаңыз.
Жаз жаймашуақ, күз берекелі болсын!