Өндіріс
Джин-тониктер өндірісінде химиялық қоспаларды және табиғи емес ингредиенттері қолданбаймыз. Өндірістің әрбір кезеңі зертханамен бақыланады. Әлсіз алкогольді сусындардың 5 түрі өндіріледі: лимон, мохито, шие, манго, грейпфрут.
01
01

Суды тазалау
Артезиан суын жұмсартып, оны қоспалардан және тұздардан тазалаймыз.
02
02

Суды сүзгілеу
Суды көмір сүзгіден өткіземіз. Арнайы аспаптың көмегімен судың талдауын жүргіземіз.
03
03

Купаж. Ингредиенттерді араластыру
Суды купаждаушыға оны жылыту үшін жібереміз — осылайша ингредиенттер жақсы араластырылады.
04
04

Дайын қоспа
Арнайы технология бойынша қант ұнтағын және лимон қышқылын араластырамыз.
05
05

Хош иістендіргіштерді қосу
Қолданылатын барлық хош иістендіргіштер — табиғи болып табылады, олардың құрамында химиялық қоспалар және зиянды заттар жоқ. Суы бар купаждаушыға лимон қышқылымен қанттың құрғақ қоспасын және хош иістендіргішті қосамыз.
06
06

Сусынды құю
Толық тазалаудан өткен және ақаулардың жоқтығы тексерілген таза бөтелкелерге 5 градустан жоғары емес температурада сусынды құямыз. Осыдан кейін «бракераж» процесін жүргіземіз — ақаудың бар-жоқтығын тексеру үшін жарық экранда әрбір бөтелкені тексереміз. Сусынды бөтелкелерге ұқыпты құямыз және дүкендерге жібереміз.
Саяхатқа келіңіз
Экскурсия құны — бір топтан 20 000 теңге. Топта — 10 адамға дейін. Экскурсияға бару үшін 392 22 54 нөміріне жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз.
Рахмет!
Біз сізбен хабарласамыз