15 қазан 2025

Жүзімнің көз жасы

Шірін кентіндегі бастапқы шарап өндірісі зауыты биыл өнім аз болғандықтан, өз қуатының оннан біріне де толмай жұмыс істеп тұр.


Фото: Kazpravda. kz / Юрий Беккер

Бұл өңірде Максим-ака деп құрметпен атайтын «Муслим» шаруа қожалығының басшысы Мақсұт Масимов биыл 80 жасқа толды. Бірақ оны кәрі деу қиын. Жасы келсе де, ширақ, сымбатты, еңселі азамат. Ол өмір бойы жүзім өсіріп, осы өңірдегі өткен ғасырда ашылған техникалық жүзім сорттарын өңдейтін зауытқа өнім жеткізіп келеді.

— Мен бұл жаққа 1968 жылдың 11 қыркүйегінде келдім, — деп еске алады Мақсұт Масимов. — Ол кезде мұнда жалаңаш дала еді, үй де аз — бар болғаны жеті-сегіз отбасы ғана тұратын. 1967 жылы, 5 мамырда «Чарынский» жеміс-жүзім кеңшары ресми түрде құрылды. Ал мен институтты бітіріп келіп, содан бері осында өмір сүріп келемін — бәрін білем, бәрі жадымда. Ол кезде жыл сайын 180 гектар жерге егін егетінбіз, соның жүз гектардайына жүзім отырғызылатын. Кейін жүзім алқабының көлемі 750 гектарға жетті. Негізгі сорттар — «ркацители», «күлджинский», «рислинг» еді. Осы сорттардан өнім өңделіп, шарап жасалатын. Кеңшарда сол кезде бірнеше түрлі шарап өндірілетін: «Портвейн № 11», «Портвейн № 12», сонымен қатар коньяк спирті де шығарылатын. «Ркацители» жүзімінен тіпті шампандық шарап материалы дайындалатын — оны да осында жасайтынбыз. Өнімділік өте жоғары болды. Әр гектардан орта есеппен 50−60 центнер жүзім жиналатын, ал ең жақсы жерлерде — 110−120 центнерге дейін жететін. Ол жылдары кеңшар гүлденіп тұрды, жалақылар да жоғары еді.

Кеңес Одағы тараған соң, кеңшар мен жүзім өңдеу зауытының жағдайы күрт нашарлады. 1997 жылға қарай жұмыс істеп тұрған «Шірін» өндірістік кооперативі қарызға белшесінен батты. Сол кезде көмекке келген «Бахус» акционерлік қоғамы жұмысын әлі тоқтатпаған зауыттың үлесін сатып алып, оны құтқарып қалды.

Мақаланың жалғасы оқыңыз: kazpravda.kz/n/vinogradnye-slezy/