Біз әрқашан өзіміздің өнімдеріміз қатысқан оқиғалар туралы қуана-қуана айтамыз. Осы күзде Алматыда тағы екі кеш коньяк түстері мен реңктеріне боялды.
Күз қызықты сәттерге толы болды. 21 қазан күні «О, шарап!» мектебінде Бахус компаниясынан коньяғына көзсіз дегустация өтті. Ал 14 қарашада осындай іс-шара біздің достарымыз -журналистер, блогерлер мен кино актерлері үшін кішігірім ресми жағдайда өткізілді. Енді барлығын рет-ретімен айтып берейік.
21 қазанда барлығы шынайы болды. 11 адамнан тұратын кәсіпқойлар мен әуесқойлар алқасының сотына коньяктың 4 үлгісі ұсынылды, олардың ішінде екі классикалық, сақталу ұзақтықтары ұқсас― француз және армян коньяктары және Бахус компанияларының екі коньяктары «1948» және «Tengri» болды. Дегустацияны Артем Лебедев жүргізді. Бұл есім ― брендке айналған, Артем Қазақстан сомелье Қауымдастығының, Қазақстан Шарап Мамандары Қауымдастығының президенті және A. S. I Халықаралық ассоциациясы сертификаттаған кәсіби сомелье екенін естеріңізге саламыз. Дегустациялық комиссия мүшелерінің арасында біздің әріптестеріміз — Динара Фаизова (Бахус АҚ зертхана меңгерушісі) және Жунусова Айжан ― «Бахус» АҚ коньяк өндірісінің аға инженер-технологы да болды.
Дегустацияны қорытындылай келе, комиссия үлгілерді бағалаудағы ұпайларының аздап шашыраңқы болғанын атап өтті, бұл өз кезегінде Бахус компаниясының коньяктары танымал әлемдік брендтермен бәсекелесе алатынын көрсетеді.
1948 коньягын ерекше атап өтті - тамаша баға-сапа арақатынасы бар және өзінің модернистік дизайнымен тұтынушылардың жүрегін оңай жаулай алады.
Сондай-ақ, 1948 коньягы туралы «Шырынды карамельді хош иіс, дәмінде жақсы баланс бар», «жемісті хош иіс. Жұмсақ майлы жағымды дәмі бар» деген пікірлер айтылды, Ал «Tengri» коньягы «Әдемі самырсын ноталары бар. Жағымды ауыз қуыратын дәмі бар” сусын ретінде атап өтілді.




Кәсіпқойлардан жақсы баға алған біз тағы бір кездесу ұйымдастыруды және ол жай ғана дегустация емес, ерекше мықты сусындарды тұтыну мәдениетіне қызығатын достарымыздың компаниясында тақырыптық кеш болады деп шештік. 14 қарашада джентльмен клубының атмосферасында өзін еркін сезінген, жақсы тағамдар ұсынылған, сигара және жақсы әңгімеге толы ерлер кеші өтті. Сондай-ақ кездесу «О, Шарап!» мектебінде де болды. Кеш барысында «1948» және «Tengri» коньяктарының дәмі сыналды. Арнайы дайындалған сигаралар және тұз бұрыш қоса отырып, қолдан жасаған шоколадтар бекзат сусындардың дәмі мен хош иісінің жаңа ноталарын ашуға көмектесті.
Біз осындай кездесулер мен іс-шаралардың форматтары достарымыздың талғамына сай келеді және жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз.






