8 наурыз қарсаңында біз жаңа эмоциялар, жаңа таныстықтарды және мерекені ұмытылмастай етіп, әр сәтке қайталанбастай дәм беретін жаңа сезімдерді іздейміз. Дәстүрлерге деген беріктік және жаңа технологияларды іскерлікпен үйлестіре білуді zakon.kz аңызға айналған қазақстандық зауыт мысалымен көрсетеді.
Өзінің жүзім алқаптарында «Бахус» жүзімнің келесідей сұрыптарын өсіреді: мерло, шардоне, саперави, рислинг, ркацители, пино, каберне, мускат. Қолайлы климат, топырақ, шуақты күндер саны және табиғи мөлдір судың болуы жүзімге кейін коньяк, шарап, шампанға сыйлау үшін өзінің үздік дәмдік сапаларын алуға мүмкіндік береді.
Іле Алатауы тау бөктерінің климаты Францияның аңызға айналған шарап жасаушы аймағының отаны Шампань провинциясының климатымен көп ұқсастықтары бар екендігін ғалымдар дәлелдеген. Қазақстан жерінде өсірілген жүзім шымырлағыш шараптарды дайындау үшін мінсіз бірегей дәмге ие.

Көптеген жылдар бойы «Бахус» қазақстандықтарды алуан түрлі дәмдермен қуантуда.
Өнер туындысындай сусынның қайталанбас дәмі - бұл табиғат сыйы және адам еңбегінің қосылуы нәтижесі. «Бахус» өнімдерінің сапасы шетелдік аналогтардан төмен болмай, табиғат ана жүзімге сыйлаған дәмдерінің алуандығын әрқайсыңыз сезіне алу үшін өнімді дайындауда алдыңғы қатарлы технологияларды қолданады. Өзінің кәсіпқойлылығы және жұмысына деген ұқыптылығы арқасында «Бахус» компаниясы сапа мен жоғары стандарттарды 1948 жылдан сақтап келеді.

«Бахус"-тың шымырлағыш шараптары зауытта екі әдіспен жасалады -классикалық (шөлмекті) және резервуарлық.
Шөлмекті әдіспен классикалық шампандау технологиясы және «кюве» әдісі бойынша шөлмектерде тұратын «Брют» және «Полусухое» шампандары жасалады.
Резервуарлық өндіру желілері зауытта 1956 жылы іске қосылған, мұндай әдіспен миллиондаған қазақстандықтардың сүйікті «Советское шампанское», «Жемчужина» және «Казахстанское» шампандары дайындалады. Бірақ өмір алға басуда, «Бахус» өзінің өндірісіне әрдайым алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп, өнімнің жаңа түрлерін ұсынады.

Жақында зауыт жаңа өнім - «Amarsi» шымырлағыш шараптарын шығарды. Бұл өнімнің бірегейлілігі оның арнайы технологиялар бойынша алматы жүзімінен туғандығында. «Бахус» мамандары итальяндық әріптестерінен шарапты дайындау және шампандау ерекше әдістерін үйреніп, оны Қазақстанға алып келіп, бар алған білімдерін ойдағыдай іске асырған.
Бұл сусынның сапасын халықаралық мамандар да мойындап үлгерді. 2019 жылғы қарашада «Amarsi» Мәскеуде өткен 23-ші Халықаралық кәсіби сайыста 17 елдің 75 үлгісі арасынан алтын медальға ие болды.

Бұл шымырлағыш сусынның дәмі бірінші жұтымнан ақ есте қалады. Алғашқы махаббат сияқты жеңіл әрі еліктіргіш, көктемгі күн сәулелері тәрізді шымырлағыш әрі жарқыраған — бұл дәм барлық қиындықтарды ұмытып, ерекше күш қуат сезініп, билеп, ойнап-күліп, жақсы көңіл күйде болатын мерекенің көңілді әрі қуанышты сәттері туралы жарқын естеліктерді қалдырып, біржолата сүйіспеншілігіңізді иеленеді.

Әрқайсымыз да дайындық қарбаласын қалдырып, өзінің сүйікті ханымдарын 8 наурызда қуантып, оларға жарқын эмоциялар және мерекенің көңілді атмосферасын сыйлағысы келеді. Сүйетін және бағалайтын барлық жандарыңызбен қуанышпен бөлісіңіз! Ал қымбатты аруларға біз әрдайым ең сұлу, көңілді және ақжарқын болып қалуларын тілейміз.

«Бахус» компаниясы аруларды келе жатқан мерекемен құттықтап, әрбіріңізге осы Халықаралық әйелдер күні жарқын әсерлермен есте қалып, ұмытылмас сәттерді және қуаныш үшін көбірек себептер сыйлауына тілектеспіз.