10 наурыз 2020

Коньяктың көктемгі дәмін cынау

Көптен күткен көктем де келіп жетті және көктемгі іс-шаралар маусымын"Бахус" компаниясының коньяктар дәмін сараптаудың бірегей кешімен бастау жанға ерекше жайлы. Неге бірегей, себебі, біз коньяк ― ерлер сусыны деген таптаурынды бұзып, күн сәулелі қанық сусынды жақсы көретін және бағалайтын аруларды дәм сынауға жинайық деп шештік. Оның үстінесебеп те керемет: Халықаралық әйелдер күні.

5 наурыз күні «О, Вино!» дегустациялық мектепте дәм сынаудың бағасы, «Бахус» маркалы коньяктардың барлық желісі бойынша кәсіби мастер-класс өтті. Кездесудің тьюторы мектептің бас оқытушысы, A.S.I. халықаралық категориядағы сомелье Артем Лебедев болды.

Дәм сынау бағдарламасында коньяктың 5 түрі ұсынылды, олардың арасында өткен жылдың екі жаңа өнімі бар. Бірінші үлгі - Bacchus зауытының құрылу жылының құрметіне шығарылған 1948 ерекше маркалы коньяк. Екінші үлгі ретінде 10 жылдық сақталу мерзіміменTengri XOэлиталық маркалы коньяк ұсынылды. Осы екі үлгі туралы жақсы пікірлер алынды. Бағалау тобының пікірінше, екі сусын барлық параметрлер бойынша жоғары бағаға лайықты болды. Сондай-ақ, сынамалар сериясында тұтынушыларға бұрыннан таныс және көбісі жақсы көретін коньяктар ұсынылды: КВВК «Kahaрман», КВ «Жеңіс» және КВВК «Батыр». Дәм сынаудан кейін жүлделер мен сыйлықтарға толы интеллектуалды квиз өткізілді.

Дегенмен де, біріншікезектебұлкеш жақсыкездесулер мен көңілге жағымдыәңгімелер, күлкі мен әзілдеркешіболды. Біздіңқонақтарымыз- ғажап, жарқынжәнесөзсіз керемет жандар. Текқанакөңіл-күй үшін ғана емес, сондай-ақ бағалаудағы кәсіпқойлық үшін де оларға алғысымыз шексіз.

Біз алдағы уақытта да осындай форматтағы кездесулерді өткізуге мүмкіндігіміз болады деп үміттенеміз. Сондықтан, жаңалықтарды күтіңіз!