2020 жыл жаңару мен жағымды жаңалықтар жылы болды.
Біз жаңа өнімдер мен технологияларды жетілдіріп, армандарымызды жүзеге асырып келеміз және бүгін сіздердің назарларыңызға «Бахус» АҚ үшін мүлдем жаңа өнім — чачаны ұсынғымыз келіп отыр!
Чача әзірлеу — бұл жай ғана технология емес, бұл — дәстүрлер, тарих пен ерекше қабілеттердің үйлесімі. Әдетте бұл ішімдіктің рецептілерін әр отбасы ұрпақтан-ұрпаққа беріп, әрі көптеген жылдар бойы құпия түрде сақтап келеді. Ал біз болсақ, дәстүрлі тәсілдер мен заманауи технологияларды біріктіріп, нәтижесінде «ChachaGold” әзірлеп шығардық.
Чача ― бренди класына жататын өткір күшті сусын. Біз оны классикалық рецепт бойынша: алдын ала ашыту процесінен өткен жүзім сығындыларынан жасаймыз. Жүзімнің „Құлжа“,"Баян Ширей» және «Ркацители» сияқты ақ түсті сұрыптарын қолданамыз.
«ChachaGold” - бұл дала шөптері мен шалғындық гүлдердің, жаңа піскен жүзім мен гүлдеп тұрған жүзім сабағының хош иісі. Жүзімнің аздап ауыз қуыратын нәзік дәмі бар, ал ішімдіктің хош иісі 5−10 градус температурада жақсы байқалады. Чачаны көбіне таза күйінде қолданады, шарап ішуге арналған кішкентай рюмкамен ішеді.
Чача — дәстүрлі ішімдік, бұл дегеніңіз, оны еттен жасалған дәстүрлі тағамдар мен көкөніс салаттарымен бірге ішуге болады деген сөз. Чачаның дәмін тәтті нәрсе, мысалы, чурчхеламен басуға болады. Сондай-ақ, бұл ішімдікті коктейльдер түрінде, әсіресе шырынды жемістер мен мұзбен бірге ішкен де жақсы.
«Бахус” АҚ үшін ― чача екі еселенген жаңалық. Бұл — біздің осы кластағы ішімдіктер әзірлеудегі алғашқы тәжірибеміз. Біз «ChachaGold”-қа жан дүниеміз бен жүрегімізді салдық, сондықтан біздің эликсиріміздің нағыз тау дәстүрлеріне сай шыққандығына және чачамен бұрыннан таныс жандардың ғана емес, сонымен бірге осы сұйық алтынның дәмін алғаш рет көрейін деп отырғандардың арасында да өзінің тиісті бағасын алатындығына сенеміз.
«ChachaGold” чачасы «Бахус» АҚ өнімдерінің фирмалық дүкендері мен барлық сату орындарында қолжетімді.