22 қаңтар 2021

Шараптар королінің жаңа жамылғысы

Бүгін сізді бабына келтірілген әйгілі «Қазақстандық шампанымыздың" жаңа атауы мен жаңартылған дизайнымен таныстыратын боламыз. Уайымдамаңыз, оның дәмі мен сапасы өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалған.

Бірден айта кетейік, енді сусын «Bacchus Сuvée» деп аталатын болады. Bacchus Сuvée — бұл біздің зауытымыздың тарихы бастау алған сонау 1948 жылдан бері өндіріліп келе жатқан шарабымыз. Біздің біртума өніміміз. Өзіміздің Қазақстан мен Орта Азияда әлі де champenoise классикалық технологиясы мен сuvée әдісі арқылы, Іле Алатауының жүзімдіктерінде өсірілген жүзімнен көпіршікті шарап өндіретін алғашқы әрі жалғыз зауыт екендігімізді мақтан тұтамыз. Дайындаудың тұтастай процесі бөтелкелерде өтеді - осы технология бойынша әлемдегі ең атақты әрі қымбат шарап өндіріледі. Сіз біздің ең үздік көпіршікті шарабымыздың дәміне өз бағаңызды беріп, оның әрбір жұтымынан рахат алу мүмкіндігіне ие болып отырсыз.

Айтпақшы, сыртқы келбеті жайлы айта кетейік. Біз затбелгіні өзгерттік. Оны біршама графикалық, стильді етіп жасадық. Оның дизайнында Есік қорғанынан табылған алтын адамның киімімен үйлесетін сақ дәуіріндегі ою-өрнектердің сарыны байқалады. Бұл — біздің шарабымызға қажет жүзім өсірілетін жердің тарихына деген құрметіміз.

Bacchus Сuvée желісіне құрғақ (BRUT) және жартылай құрғақ (SEMI-DRY) екі көпіршікті шарабы кіреді. Олардың дәмі мен сапасы өзгерген жоқ, олар әлі де бұрынғыдай жоғары санатты шараптар қатарында. Балғын, жылтыр, жұпар иісті, солай бола тұра әрқайсысы бірегей дәм мен ерекше хош иістен тұрады, біздегі Бахус сусындары, міне, осындай.

Осы шараптар желісінің жаңа бейнесінің көңіліңізден шығатындығына және сіз оның қайталанбас дәмін басқа ешнәрсемен алмастырмайтындығыңызға сенеміз.