«Бахустың" - халықтық бренд екендігін, ал біздің өзіміздің бейілді тұтынушыларымыздың сенімді қамқорында екендігімізді үлкен сеніммен айта аламыз. Алайда, біз өзіміздің тауар белгіміздің де қорғалып, заңнамалық деңгейде болғандығын қалаймыз. Сондықтан таяуда біз ҚР Әділет министрлігіне біздің тауар белгімізді Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы өтінім бердік. 2021 жылғы 29 сәуірде біз қорытындыны алдық.
Мұның бізге қандай пайдасы бар? Өзіміздің тауар белгіміздің жалпыға белгілі болып танылуының заңды растамасы біз үшін неліктен маңызды болды? Ең алдымен, мұндай мәртебе тұтынушыларымызды жалған өнімнен қорғайды. Себебі «Бахус» АҚ қандай да бір өнімі қолдан жасалатын жағдайда, алдағы уақытта оның жазасы қатаң болады — компания шығындарының көлемі мүлдем жаңа тұрғыдан бағаланатын болады және өнімді қолдан жасаумен байланысты жазаның түрі де қиындайды. Екіншіден, біздің тауар белгімізді көшіріп алудың кез келген жағдайы мен оның кез келген әртекті өнім түрінде заңсыз пайдаланылуына енді тыйым салынатын болады. Үшіншіден, біздің компания өндіріп жүрген немесе өндіретін барлық тауар мен қызметтер енді автоматты түрде қорғалатын болады.
Жалпыға белгілі тауар белгісі мәртебесі біздің компаниямыздың маңыздылығын заң тұрғысынан растайды және енді біз өндіретін тұтастай өнім қатаң түрде заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасында мұндай мәртебеге ие тауар белгілері аса көп емес, бірақ олардың әрқайсысын заң деңгейінде бірегей әрі танымал деуге болады. Өйткені, Қазақстанда «Бахус» дегенде есімізге «жақсы шарап, сапалы коньяк, керемет шампан» түседі.
Айтулы мәртебені алу процедурасы оңай шаруа емес. Комиссия материалдарды бір жыл бойы зерттеді, сондай-ақ тәуелсіз компания тауар белгісінің танымалдағын бағалауға қатысты маркетингтік зерттеу жүргізді, содан кейін шешім шығарылды.
Біз сараптау комиссиясының оң шешімін және енді «Бахус» АҚ тауар белгісінің жалпыға белгілі болып танылғандығын мақтан етеміз. Оның сыртқы көрінісін естеріңізге сала кетейік: сарғыш түсті суреттің ортасында жүзім егушілер мен шарапшылықтың қолдаушы құдайы Бахустың басы бейнеленген. Суреттің бүйірлерінде «Бахус» және «Bacchus» деген жазулар бар. Төменде — «Since 1948» жазуы, бұл зауыттың құрылған уақытын білдіреді.
Бұл жай ғана логотип, зауытымыздың таныстыру карточкасы емес — бұл тарих. Зауыт 1948 жылы климаты мен топырағының құрамы жағынан бірегей жерде — Іле Алатауының бөктерінде құрылған. Бастапқыда ол кішігірім зауыт болған, десек те, өңірдегі жүзім шаруашылығының күш-қуаты белгілі бола бастаған тұстан бастап ол біртіндеп өсті, осылайша бүгінде «Бахус» АҚ компаниясы — еліміздегі көне кәсіпорындардың бірі, шампан, коньяк пен шарап түрлерін өндіру жөніндегі көшбасшы. Сондай-ақ біз — елімізде шампанды классикалық француз технологиясы бойынша өндіретін жалғыз компаниямыз. 70 жылдан астам уақыт ішінде біздің кәсіпорнымыз ұзақ жылдарды артта қалдырды, біз осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімізбен мақтанамыз және алдағы уақытта одан да үлкен белестерді бағындырамыз деген ойдамыз. Қазіргі таңда біз өнімнің 65-тен астам түрін өндіреміз, ал біздің дилерлік желіміз шамамен 19 000 сауда орнын қамтиды. Компанияның Комиссияға тауар белгімізді жалпыға белгілі деп тану туралы өтінім беруінің алдында жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша — сұралған респонденттердің 54,1%-ы Бахус тауар белгісін біледі, ал сұралған адамдардың 87,3%-ы оны алкогольді ішімдіктермен байланыстырады. Міне, дәл осы себепті біздің тауар белгіміз Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тануға лайық болып саналады.
Достар, біздің ішімдіктерімізді таңдайтындықтарыңыз үшін, бізге деген құрметтеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін және сіздердің арқаларыңызда бүгінде компаниямыздың танымал екендігі, өз саласының көшбасшысы екендігі үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер болмасаңыздар мұның барлығы болмас еді.
Ізгі ниетпен, Бахус АҚ.