22 шілде 2021

Вермуттер тобындағы жаңалық

Бахус вермуттерінің тарихы 1951 жылдан бастау алады. Дәл сол уақытта хош иісті шөптерді қосу арқылы зауыттан шараптардың ерекше сортының алғашқы партиясы шыққан болатын. Вермуттер керемет болып шықты, шарап пен Іле Алатауының бөктеріндегі күн көзіне әбден қаныққан шөптер — жақсы ішімдік әзірлеу үшін аса қажет нәрселер.

Таяуда ғана біз өзіміздің әйгілі Surprise вермутіміздің өз атауын, сыртқы пішінін өзгерткендігі, енді Maresco атауына ие болғандығы туралы айтқан болатынбыз. Ары қарай оқу

Хош иісті, дәмі ауыз қуыратын, шөп салып ашытылған шараптардың тағы бір түрі қатарға қосылды, енді, міне, сіздерді сол жаңа өніммен таныстыратын кез келді. Бұл — Maresco Secco құрғақ вермуті. Сергітетін және хош иісті құрғақ ішімдік — Maresco тобының ең орынды жалғасы, онсыз ішімдіктердің бұл желісі толыққанды болмас еді.

Maresco Secco дайындау үшін ақ түсті бейтарап шараптар қолданылады, ал вермуттің болмысына жауап беретін хош иістендіру ісі шөптер, гүлдер мен өсімдік тамырларының ерекше үйлесімі есебінен жүзеге асырылады. Хош иістердің осынау жиынтығының негізгі құрамдас бөлшегі - альпілік жусан, қара аюбадам, жұпар жаңғағы, даршын мен кардамон.

Maresco Secco құрамындағы қант 4%-дан аспайды, ал алкогольдің үлесі ― 16%. Оның дәмі жеңіл, жылы, бейне бір жаздыгүні кешке соғатын тау желіне ұқсайды. Мұндай вермутті мұзбен әрі классикалық және жаңа стильдегі коктейльдермен араластырып ішкен де жақсы. Бір бокал вермут шаршағаныңызды басып, достарыңызбен бірге көңілді сауық кешін өткізуге көмектеседі. Құрғақ вермут әсіресе өзінің балғындығымен ұнайды және оны ішімдіктің өзге формулаларын тым тәтті деп санайтындар аса ұнатады. Бұл — бір бокалдың ішіндегі нағыз таулы жердегі жаз. Сіз де дәмін татып көріңіз.